Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Екпе алмаған балалар мектепке дейінгі ұйымдарға кіргізілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға вакцинациядан өтпеген балалар кіргізілмейді. Бұл шектеудің екпеге медициналық тұрғыда қайшылығы бар балаларға қатысы жоқ. Не үшін олай еттік? Себебі, екпе медициналық тұрғыда ағзасына кері әсер ететін балалар да бар. Яғни, оларға екпе жүргізілмейді», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, туғаннан иммунодефицитпен өмір есігін ашатын балалар бар. Халықтың 95 пайызына екпе жасалса, екпе жасалмауы тиіс адамдар тобын аурудан қорғап қалуға мүмкіндік бар.
Баласы балабақшаға барарда ата-ана учаскелік педиатрға барып, денсаулық паспортын алатынын, онда баланың екпе алғаны туралы мәлімет болуы керек екенін де айтып өтті.
«Баланы балабақшаға апаруға болатыны құжатта жазылады. Егер ондай қорытынды денсаулық паспортында болмаса, мектепке дейінгі ұйым басшысының оны кіргізуге құқығы болмайды. Егер басшы бұл талапты бұзатын болса, тексеріс кезінде бұл фактінің барын білсек, бастабында онымен, баланың ата-анасымен де түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер ол ары қарай да бұл шектеуді қабылдамаса, онда басшыға тиісті ұйғарым беріледі. Ұйғарым орындалмаса, іс сотта шешіледі», - деді Жандарбек Бекшин.
21 қазан 2019 ж. 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области