Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мектеп оқушылары өкшелі аяқ киім кимесе, ауру болады

Мектеп оқушылары өкшелі аяқ киім кимесе, ауру болады

Kyzylorda-news.kz. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин балаларды жаңа оқу жылына дайындау туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе, бас санитар мектеп формасын, аяқ киім мен оқушылар сөмкесін дұрыс таңдаудың маңызын түсіндірді.
«Мектепке қажетті құрал-жабдықтар баланың денсаулығына тікелей әсер етеді. Ондағы форма бала денесінің дем алуы үшін және аллергиялық реакция тудырмау үшін табиғи талшықтардан (жүн, мақта, зығыр, жібек) жасалған маталардан тігілуі керек. Негізгі талапқа сәйкес, табиғи талшықтар үлесі форманың сыртында - 35%, ішкі жағында - 100% кем болмауы тиіс», - деді Ж.Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, бас санитар балаларға өкшелі аяқ киім алып беруді ұсынды.
«Табиғи былғарыдан жасалған аяқ киімдерді таңдаған жөн. Күнделікті киюге кроссовки, кеды әперуге болмайды. Бастауыш сынып оқушылары үшін ортопедиялық табан, жоғары сынып оқушылары үшін - 4 см аспайтын өкше қажет. Себебі, өкшесіз аяқ киімді үнемі кигеннен түйетабан, омыртқааралық жарық пайда болуы мүмкін», - деді ол.
Спорттық аяқ киімді баланың бейініне қарай таңдау керек. Егер ол жеңіл атлетикамен айналысса - дөңес боп тігілген аяқ киім ыңғайлы. Егер тенниспен айналысса - аяқ киім тегіс болуы керек.

02 тамыз 2019 ж. 407 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области