Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы тіркелген

Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы тіркелген

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның 3 облысы мен бір қаласында Конго-Қырым гемморагиялық қызбасының табиғи ошағы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«Қазақстанда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Ал Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының ошақтары анықталды. Қазақстанның барлық облыстарында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру сияқты қауіпті індеттердің қолайсыз стационарлық пунктері бар», - деді бас санитар.
Брифинг барысында Жандарбек Бекшин өткен жылы Шығыс Қазақстан аумағынан шыққан сібір жарасының ошағына қатысты мәлімет берді.
«Расымен де былтыр Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданында сібір жарасының ошағы шығып, бір адам көз жұмған болатын. Кейін ауру бұрынғы мал қорымынан шыққаны анықталған. Биыл Шығыс Қазақстанда сібір жарасының қаупі жоқ. Есесіне Түркістан облысында бір ошақ анықталып отыр», - деді ол.
Брифингте Жандарбек Бекшин әлемдегі қауіпті әрі жұқпалы ауруларға бейім елдерді атады. Оның айтуынша, шетелге саяхат кезінде теңіз тағамдарын байқап тұтыну қажет. Сонымен қатар бас санитар тропикалық елдерде қауіпті ауруды масадан да жұқтыруға болатынын айтып өтті.
09 шілде 2019 ж. 369 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области