Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізілген шараға халықтың сұранысы жоғары жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, ахаж, әділет, мемлекеттік кірістер, көші-қон салалары бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалдарының өкілдері қатысты.
Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді, қызмет алуға өтініштер қабылданды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Шара барысында тұрғындар арасында «Digital agent» және «Telegram-bot» қосымшалары туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылып, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан үгіт-насихат құралдары таратылды. Келушілерге электронды үкімет порталынан осы қосымшалар көмегімен алынатын анықтамаларды алу жолдары көрнекі түрде көрсетіліп, бірнеше тұрғын өзінің ЭЦҚ-ы арқылы керекті құжаттарын осы жерден алды.
Жыл басынан бері облыс бойынша 25 рет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді.
Аталған жәрмеңкеде 32 жұмыс беруші мекемеден 311 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге 500-ге жуық жұмыс іздеуші азаматтар қатысып, 50-ден астам азаматқа жолдама берілді.

21 қазан 2019 ж. 331 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области