Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әбдіжәміл Нұрпейісовтің мерейтойына арналған елордадағы шараға Мексика мен Итальядан ғалымдар қатысады

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің мерейтойына арналған елордадағы шараға Мексика мен Итальядан ғалымдар қатысады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойына орай «Әбдіжәміл Нұрпейісов әлемі: шеберлік феномені» атты салтанатты жиын өткізеді.
Мерейтойға арналған шара «Ә.Нұрпейісов және XXI ғасырдағы әдебиет пен өнер», «Жазушы тұлғасы және қазіргі БАҚ мәселелері» бағыттары бойынша жүргізіледі.
Салтанатты жиында Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Б.Макен, депутат С.Әбдірахманов, академик Ж.Әбділдин, мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Айтұлы, Мексикадан келген ғалым Х.Эстрада, итальяндық ғалым Д.Сербо, ақын О.Туржан баяндама жасап, сөз сөйлейді.
Мерейтойға ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, алаштанушы-ғалымдар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары қатысады.
22 қазан 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области