Қызылордада жеңіл көлік адам қағып кетті
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Mercedes-Benz» маркалы автокөлік жүргізушісі жүргіншілер жолағында адам қағып кетті.
Оқиға 21 қазан күні сағат 20.30 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы бойында орын алған. Кешкі мезгілде көлік иесі жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан адамды қағып өткен. Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізіліп, «Травматология» бөлімшесіне жатқызылды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.