Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырған

Қазақстанда дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырған

Kyzylorda-news.kz. 2018 жылы Қазақстанда өз статистикасына әсер етпесін деген мақсатта тірі туған сәбилерді өлі туды деп тіркеген. Атырау перинаталды орталығында болған даулы оқиғадан соң денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізген болатын, деп хабарлайды Stan.kz.
«Атырау облысында болған даудан кейін біз өлі туылу фактілерінің барлығы бойынша тексеріс жүргізген болатынбыз. Нәтижесінде, 2018 жылы туған соң шетінеп кеткен 277 сәбидің ісі жасырылғаны айқындалды» - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенат мәжілісінің отырысында.
Тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекованың айтуынша, медициналық ұйымдарда сақталған барлық шыны препараттар зерттелген. Соның нәтижесінде, тірі туылып, бірақ артынша шетінеп кеткен балаларды, өлі туылғандардың қатарына қосу фактілері анықталған екен.
Аталған тексеріс, тек Маңғыстау облысында жүргізілмепті, себебі облыстың перинаталды орталығында шыны препараттағы деректер заңсыз түрде жойылған.
Еске саларлық жайт, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі медициналық орталықтарды қала әкімдігінің құрамынан шығару туралы ұсыныс білдірген еді.
23 қазан 2019 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области