Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін – еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминнің туған күні

Бүгін – еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминнің туған күні

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрі, техника ғылымдарының кандидаты Мамин Асқар Ұзақбайұлының туған күні.
Ол 1965 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Инженерлік-құрылыс институтын, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
1996-2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар 2008-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті болды. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, 2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.
Үкімет басшысы 1998 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы - Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы - Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапатталған. 2011 жылы - Астана қаласының Құрметті азаматы, 2012 жылы - Құрметті теміржолшы, 2013 жылы - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы атағына ие болған.
23 қазан 2019 ж. 269 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области