Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Марат Әзілханов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Марат Әзілханов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Марат Алмасұлы Әзілханов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марат Әзілханов 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін, «Құқықтану» мамандығы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.
1988–1992 жылдары — қалалық аурухананың дәрігер-интерні, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург дәрігері.
2011–2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төраға орынбасары қызметін атқарған.
2013–2014 жылдары — ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы.
2014–2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.
2016–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы.
2018–2019 жылдары — ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.
Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылымы мен коммерциялық секторда қызмет еткен.
2006–2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.
2008–2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.
2012–2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.
2016–2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.
2018 жылы сәуірде ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова берген өтініміне сәйкес ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметінен босатылды.
04 сәуір 2019 ж. 824 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области