Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады

Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады

Ол бұған дейін ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған еді


Мәдина Әбілқасымова ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлаqды Kyzylorda-news.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Әбілқасымова 12 наурызда ғана ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

Мәдина Әбілқасымова туралы не білеміз?
Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы, 2003 жылы Колумбия университетінің магистратурасын "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша, ал 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) тәмамдаған.
1999-2001 жылдары – Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы;
2003-2004 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы;
2004-2006 жылдары – "Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры;
2006-2008 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2008-2011 жылдары – президент әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары;
2011-2013 жылдары – экономикалық даму және сауда вице-министрі;
2012 жылдан бастап Дүнижүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары;
2013-2014 жылдары – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың ақпанына дейін – ұлттық экономика вице-министрі;
2018 жылдың 9 ақпанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
29 наурыз 2019 ж. 432 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области