Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Елбасы "Нұр Отан" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия хатшысы қызметіне тағайындалды.
    Бүгін "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.
    "Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсерін тигізеді деп есептеймін. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу "Нұр Отан" партиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сіздің партия қатарына келуіңізбен осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз деп сенемін", - деді Мәулен Әшімбаев.
    Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
    Әр жылдары ол жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.
    Еске салсақ, 2018 жылы 9 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылған болатын. Ал оның орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова тағайындалды.

22 ақпан 2018 ж. 728 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области