Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ


    Қызылорда өңірінде Елбасы Жолдауы мен партияның Сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерінің орындалуын талқылау мақсатында партия активінің жиыны өтті.
    «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында өткен жиынға аудандық партия филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.
    Жиынға төрағалық еткен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева алдымен елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртуға бағытталған Елбасы Жолдауының негізгі 10 бағытына жеке-жеке тоқталып өтті.
     - Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауында да әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Яғни, сапалы білім, саналы тәрбие, қолжетімді медицина сонымен қатар өндірісті кеңейту арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту басты мақсат етілген. Сондықтан біз нұротандықтар Елбасының сенімді жасағы ретінде Елбасы Жолдауының маңыздылығын жергілікті тұрғындарға кеңінен насихаттап түсіндіруде алдыңғы шепте болуымыз керек, - деді Қаншагүл Мұстафаева.
    Сондай-ақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева жаңа жаһандық экономикалық өзгерістерге, өркениеттен қалмай даму үшін, Қазақстанның өндірістік бәсекелестігі дайын болуы керектігін алға тартып, бұл орайда «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасында көзделген міндеттерді жүйелі жүргізу маңызды деп атап өтті.
    Жиын барысында барлық қатысушылардың Елбасы Жолдауына қатысты ойы пікірлері тыңдалды. Таң ауылдық округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Әліби Байнахатов Жолдаудағы аграрлық саясат, еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өңделген өнімнің экспортын ұлғайту бағытын ерекше атап өтіп, аграрлық өңір тұрғындары Елбасы тапсырмасын жүйелі жүргізуге дайын екенін айтты.
    Актив отырсында Елбасы Жолдауындағы білім денсаулық саласына тиесілі міндеттерді жүргізуге қатысты аудандық білім және денсаулық сақтау бөлімі басшыларының жұмыстары пысықталып, хабарламалары тыңдалды.

18 қаңтар 2018 ж. 695 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области