Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының жаңа Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
     – Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалуына байланысты партия Төрағасының Бірінші орынбасары лауазымынан босатылады. Осы жауапты қызметтегі үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай партия Төрағасының Бірінші орынбасары лауазымына Мәулен Әшімбаевты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол бес жылдан астам ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, комитетті басқарды. Мен оның партия мәртебесі мен рөлін арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Елбасы «Нұр Отан» партиясының алдында тұрған қазіргі міндеттерге ерекше назар аударды.
    – «Нұр Отан» партиясы мемлекет саясатын айқындайтын маңызды саяси күшке айналды. Партия барлық бағдарламаларымызды іске асыруға атсалысып келеді, – деді Қазақстан Президенті.
    Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы жүргізілуіне және олардың іске асырылуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.
    Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономиканы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдеу қажеттігін айтты.
    – Егер біз әлемдік дамудан қалып қоймаймыз десек, онда алға ұмтылуымыз қажет. Сол себепті биылғы Жолдау осы реформаларды орындауға бағытталған. Бұған дейінгі барлық бағдарламаларымыз осыған арналған болатын. Мәселе олардың қалай жұмыс істеуінде. Біз экспорттық өнім шығаратын кәсіпорындар құруымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.
    Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асырудың өзектілігін атап өтті.
    Соңында Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру ісіндегі партияның белсенділігін арттырудың маңыздылығына назар аударды.
    – Облыстарда партия ұйымдарымыз бар. Олар белгіленген міндеттерді іске асыруда белсенді болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
    akorda.


02 ақпан 2018 ж. 880 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области