Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОДАРДА ҚАЛАСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОДАРДА ҚАЛАСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ


    «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын талқылау және партиялық жаңғырудың нақты жоспарын жүзеге асыру бойынша бастауыш партия ұйымы төрағаларының кездесуі өтті.
    Жиынға қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев қатысты.
    Жиын барысында партиялықтар алдымен Елбасы Жолуындағы жаңа тұрпатты заманға бейімделудің он нақты міндетін алға тартты. Әсіресе, жаңа технологияны тиімді пайдаланып, барлық саланы жаппай цифрландыру маңызына тоқталды. Бастауыш ұйым төрағалары «Жаңа Жолдаудың жаңаша мүмкіндіктері мен жауапкершіліктері», «Айқындалған жаңа бағыт - тың серпілістер» деген тақырыптарда баяндамалар жасап, ондағы басымдықтарды талқыға салды.  
    Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов Жолдау жүктеген міндеттерді  жүзеге асыруда партия жұмысын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.
     - Жаңғыру жоспарында білікті партиялық кадрлар дайындаудан бастап,  партияның талдау және сараптамалық әлеуеті, партиялық білім беру жүйесі сияқты маңызды мәселелер қарастырылған. Мұндағы кадрлар дайындау  бағытындағы жұмыстар басталып та кетті. Орталық партия аппараты толық аттестациялаудан өтті. Ақпан айында өңірлік филиалдар қызметкерлерін аттестациялау жоспарланып  отыр, - деді Шәріп Әбдірахманов.
    Жиында облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев жоспардың екінші бағытына кеңінен тоқталып, осы бағыттағы шаралар легін айтып өтті.
    Шара барысында нұротандықтар әр бағытқа жеке-жеке тоқталып, өзара ой бөлісті.

26 қаңтар 2018 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области