Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің 3 банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

Еліміздің 3 банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның 3 ірі банкі «Центредит», «Сбербанк» және «Halyk банк» қолданыстағы «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жобасын іске қосты, деп хабарлады "Баспана" ипотекалық ұйымы.
«Әскерилерге арналған ипотека» екінші деңгейлі банктер іске асырып жатқан тұрғын үй бағдарламалардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде.
«Әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады. Бірақ әскерилер мен арнайы органдар қызметкерлерінің ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін және жалақыларын ескере отырып, олардың банк тарапынан мақұлдау алу мүмкіндігі артып отыр», - делінген таратылған ақпаратта.
Оларға ипотекалық қарыз алу үшін мынадай негізгі талаптар қойылады:
- уәкілетті органдар тарапынан әскери қызметшінің тұрғын үйге мұқтаж деп танылуы;
- үш банктің («Halyk банк», «ЦентрКредит банкі» және «Сбербанк») кез келген біреуінде тұрғын үй төлемдерін есепке алу үшін арнайы ағымдағы шот ашу;
- ипотекалық бағдарламалар аясында банктер талап ететін басқа да құжаттардың болуы.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 7%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап екенін және кредиттеу мерзімі 25 жылдан аспайтынын еске саламыз. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер бастапқы тұрғын үй нарығында ғана, пайдалануға берілген үйлерден сатып алынады. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 11%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. «Баспана Хит» бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады», - делінген таратылған ақпаратта.
23 қазан 2019 ж. 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области