Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аспириннің балаларға аса қауіпті екені анықталды

Аспириннің балаларға аса қауіпті екені анықталды

Kyzylorda-news.kz. Аспиринді 12 жасқа дейінгі балаларға тұмау кезінде ғана емес, басқа да аурулар кезінде мүлдем беруге болмайды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл туралы терапевт-дәрігер Ирина Ярцева айтты.
Дәрігердің айтуынша, вирустық инфекция мен ацетилсалицил қышқылы қосарласқан кезде баланың бауыры зақымдалып, Рейе синдромы туындауы мүмкін. Терапевт бұндай асқыну бала үшін қауіпті екенін атап өтті.
«Қарапайым аспиринді қабылдау бала ағзасында мұндай реакция туындататынын ешкім аңғармай қалады. Бірден бауырды тексеру ойларына келмейді», - дейді Ирина Ярцева.
Рейе синдромы - 15 жасқа дейінгі балалардың бауырларында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны басынан өткергеннен кейін туындауы мүмкін. Аспирин осы синдромның болуын едәуір арттырады, сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға вирустық инфекция кезінде аспирин қолданбау керек, тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс.
Сондай-ақ, Ярцеваның сөзінше, аспирин ішімдік ішкеннен кейін бас жазуға көмектесетіні шындыққа жанаспайды. Керісінше препарат ішімдіктің уытты әсерін арттыратын көрінеді.
23 қазан 2019 ж. 333 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области