Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 18 кәсіпорын салық төлеуден қасақана жалтарған

Қызылордада 18 кәсіпорын салық төлеуден қасақана жалтарған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу аясында мемлекет қаржысын игеріп, салық төлеуден қасақана жалтарушылар азаймай отыр. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасы мәлімдеді.
Аймақта мемлекеттік сатып алу шеңберінде 13,8 млрд теңге қаржы игерген 18 кәсіпорынның салықтан жалтарғаны салықтық камералдық бақылау арқылы анықталды. Нәтижесінде 14 салық төлеуші 159,8 млн теңгеге қосымша салық есептілігін тапсырып, бұл қаражат бюджетке өндірілді.
«Күмәнді, жалған кәсіпкерлік белгілері бар фирмалармен өзара есеп айырысқан 4 кәсіпорынға салықтық тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 88,1 млн теңге қосымша есептелініп, мемлекет қоржынына өндірілді» деп мәлімдейді басқарма мамандары.
Мамандар бұл бағыттағы жұмыстар әлі де, жалғасын табатынын айтуда. Сондай-ақ мемлекет қаржысы қатаң бақылауда екенін ескертеді.
23 қазан 2019 ж. 378 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области