Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ


    Жеке кәсіпкер Бақтыбай Беглікбаев жолаушылар тасымалымен айналысады. Кәсіпкер ГАЗ 3224 маркалы автокөлігімен қала ішінде жолаушылар тасып келді. Балалар тасымалы үшін көлік жаңартқысы келген ол «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан мәлімет алды.  
    КҚКО кеңесшісі Шолпан Өндірбаева кәсіпкерді бағдарламаның шарттарымен таныстырып, жобаны қаржыландыру үшін көмек көрсетті.  Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы жеке кәсіпкердің жобасын мақұлдап, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында 6% сыйақымен 5 млн.теңге несие бөлді, сонымен қатар «Даму» Қорының 50% көлемде кепілдендіруін пайдаланды.
    Еске сала өтсек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында облыстағы «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ арқылы несие рәсімтеуге болады.
     Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты - сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез келген бизнес түріне беріледі.  

27 желтоқсан 2017 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области