Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет тіл форумы өтуде

Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет тіл форумы өтуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты республикалық форум өтуде.
Форумға заң, бизнес, білім, ғылым, БАҚ және басқа да сала мамандары мен «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері қатысып, латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланады.
Форумға қатысушыларға «Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген жаңа ІТ-жобалар таныстырылып, жаңа әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін заманауи интерактивті құралдарының көрмесі ұсынылады.
Сонымен қатар, 6 секция бойынша жұмыс жасайтын ғылыми конференция өткізіледі. Оған қоса, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірдегі тілдік ахуалды жақсарту бойынша үйлесімді жұмысты жоспарлауға арналған өңірлік Тіл басқармаларының басқосуы ұйымдастырылады.

24 қазан 2019 ж. 306 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области