Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСТАНАДА ЖАҢА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ГАЗЕТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АСТАНАДА ЖАҢА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ГАЗЕТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Астанада латын графикасындағы жаңа басылым «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газеті таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басылымды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп шығарған. Бас редакторы - Қуат Әуесбай.
«Араға 90 жыл салып, Қазақстан латын графикасындағы басылым шығаруды қолға алды. Бұл баршамыз үшін жақсы үрдіс деп есептейміз. Оның қоғам кеңістігінде де алатын орны зор болмақ. Бұл газет жаңалықтың жаршысы ғана емес, латын қарпінде оқып білуге, сауатты жазуға бейімделуге, үйренуге және рухани демалуға мүмкіндік береді», - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен таныстыру рәсімінде.
«Тіл-Қазына» газеті латын негізді қазақ әліпбиін нәсихаттап, жаңа қазақ емлесінің ережелерін түсіндіруге бағытталған. Онда «Әліпби», «Рухани жаңғыру», «Кие», «Ғалам», «Емле», «Сарап» және «Таным» айдарлары арқылы жаңа әліпби туралы ақпарат, танымдық материалдар жарық көреді.
Газет А3 форматында 8 беттен құралған. Бастапқыда айына екі рет 3 мың тиражбен шығару жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтында газеттің электронды нұсқасы жарияланып, онлайн әзірленеді.
Еске сала кетсек, латын графикасына көшу ұсынысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған болатын.
2017 жылдың 27 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.


04 қараша 2018 ж. 607 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области