Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚУШЫЛАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ӘЛІПБИДІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІН АЛҒАШҚЫ БОЛЫП СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ

ОҚУШЫЛАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ӘЛІПБИДІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІН АЛҒАШҚЫ БОЛЫП СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ


Қазақстанның барлық өңірлерінен жазғы демалыстарын «Балдәурен» оқу - сауықтыру орталығына өткізуге келген 300-ге жуық оқушы латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа емле ережесінің пилоттық жобасын апробациялауға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Оқушылар тестілеуден өтіп, лингвист ғалымдарға жаңа әліпбидің орфографиялық мәселелерін анықтауға көмектесті.
«Жаңа әліпбиді алғашқы болып сынақтан өткізуді «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына демалуға келген 6-9 сынып оқушылары қатысуда. Бұнда еліміздің барлық өңірлерінің балалары жиналды. Әліпби бекітілді, келесі саты - емле ережесін анықтау, біздер, қазір осы бағытты жұмыс істеп жатырмыз. Енді қыркүйек айына дейін бұндай сынақтарды бүкіл республика аумағында көпшілік қауымның қатысуымен өткізу жоспарлануда», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев.
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру - елдің жаһандық келешегі, ел болашағы үшін жасалып жатқан мемлекет қамқорлығы. Біздер үшін жас ұрпақтың пікірі өте маңызды - өйткені олар келешекте өмір сүретін, жаңа әліпбиді қолданатын болады», - деп санайды, белгілі қоғам қайраткері, «Тіл -Қазына» ҰҒПО бас директоры Ғарифолла Есім.
«Сынақ қорытындысында алынған мәліметтер жаңа емле ережесінің жобасын жасаған кезде ескерілетін болады. Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі алты тапсырама қамтыған брошюралар таратылды, оларда орфографиялық нормалардың барлық қырларын қамтиды. Балаларға қиындық туғызған, көп қатеге жол берілген тапсырмалар ескерілетін болады», - дейді Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, орфографиялық топтың мүшесі Назгүл Түленбергенова.
Оның айтуынша, оқушылар түрлі әріптерді сынақтан өткізген.
«Жаңа латын графикасындағы кейбір «э», «ю», «я», «ё» әріптері басқаша жазылатын болады. Негізінде тапсырмалар жоғарыда аталған әріптерді, сондай-ақ «ш», «щ» әріптерін сынақтан өткізуге берілді. Сонымен бірге қиын, біріккен шет тілінің сөздеріне арналған тапсырмалар да бар», - деп толықтырды Назгүл Түленбергенова.
Тапсырмалар жинағы алты парақтан тұрады. Басында сауалнамалық мәліметтерді толтыру қажет. Жинақтың бірінші тапсырмасы оқушыға оның пікірі бойынша қазақ сөздерін латын қаріпіндегі ыңғайлы және дұрыс нұсқасын таңдауды, сондай-ақ ұсынылған «дұрыс» және «икемді» деген сөздерді екі нұсқада жазуды ұсынады. Сондай-ақ оқушылар өздеріне ұнаған нұсқадағы сөздерді және оларды латын қарпінде де, кириллица да жаза алады. Жинақтың соңғы парағы оқушылар өздерінің ескертулерін жазу үшін қалдырылған.
Тестілеуден өткеннен кейін Алматы қаласының 8 сынып оқушысы Айтен Бексұлтан ыңғайсыз болған бірнеше сөзді атап өтті және бұл сөздерді жазудың басқа нұсқаларын ұсынды.
«Циркуль» сөзінде «s» әрпі оқуға ыңғайсыз, «sirkul» болып кетеді. Ал егер «s» алдына «t» қойсақ «ts» ыңғайлы болады Ashat, аshana сөздері де оқуға қиын, олар «Ашат» және «ашана» болып кетеді. Сондықтанда араб тіліндегі сияқты оларды басқа бір таңбамен белгілеуді ұсынамын», - деді оқушы.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси жұмыс комитетінде хабарлағандай Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілінің жаңа емле ережесі пилоттық жобасының бірінші кезеңін өткізуде. Жаңа емле ережесін тестілеу еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, барлық әлеуметтік топтарды қамтитын болады. Бұл пилоттық жоба жаңа емле ережені жасау барысында тұрғындардың қоғамдық пікірін білуге тиімді шешімдерді анықтауға және белгілеуге бағытталған.
Еске сала кетсек, ҚР Президентінің 2017 жылғы 27 қазандағы «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең -кезеңмен көшіру іс шаралары туралы» жоспары қабылданды. Құжатта қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кезеңдері: бірінші кезең - 2018 -2020 ж.ж., екінші кезең - 2021-2023 ж.ж., үшініші кезең - 2024 -2025 ж.ж болып белгіленді.
24 шілде 2018 ж. 750 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области