Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Б. САҒЫНТАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Б. САҒЫНТАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс аясында қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды, сондай-ақ, жаңа әліпбидің емле ережелері мен пернетақтаның техникалық орналасуын әзірлеу бойынша жұмысты одан әрі үйлестіру мәселелері талқыланды.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия — Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі мақсаты — қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұсыныстар әзірлеп бекіту, жұмыс барысын үйлестіру және оның сапалы орындалуына бақылау жасау.
Әліпбиді латын графикасына көшіру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі бағыттары бойынша мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев баяндама жасады.
А. Мұхамедиұлы бүгінде тіл мамандарының қатысуымен жұмыс тобы Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің емле тұжырымдамасын әзірлегенін атап өтті.
«Қазіргі таңда қазақ тілінің орфографиясы мен емле ережелерінің негізгі тәртіптерін әзірлеу бойынша күнтізбелік жоспардың кестесі дайындалды. Жалпы, еліміз үшін маңызды тіл реформасы қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр», — деді А. Мұхамедиұлы.
Е. Сағадиев бүгінгі таңда А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қазақ және түркі тілдеріндегі термин жасамының халықаралық қағидалары мен ережелерін зерттеп, ұлттық терминология критерийлерін әзірлегенін хабарлады.
Отырыс барысында, сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, Парламент Сенатының депутаты М. Бақтиярұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Мамраев, Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т. Аяпова, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е. Тілешов және т.б. пікір білдірді.
21 маусым 2018 ж. 573 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области