ЖАҢҒЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін кезең – кезеңмен латын графикасына көшіру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осыған орай жер-жерде шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін Жаңақорған кентіндегі «Жалын» балабақшасының ұжымы да осы бастамаға қатысты жиын өткізді.
Жиында ұжым мүшелері латын графикасына көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртуға жол салатынын айтып, бастаманы қолдайтындықтарын білдірді.