Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАЛЫҒЫ БАР ЖАҢА ӘЛІПБИ

ЖАҢАЛЫҒЫ БАР ЖАҢА ӘЛІПБИ


    Елбасымыз 2018 жылдың 19 ақпаны күні латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің өзгеріс енгізілген нұсқасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Өздеріңізге белгілі 2017 жылдың желтоқсан айында латын әліпбиінің емле ережелерін жасауға арналған жұмысшы топ құрылған болатын. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және сараптамалық-техникалық бағытта белсенді жұмыс жасап жатқан жұмысшы топтың мүшелерін Тіл білімі институтының ғалымдары құрайды. Редакцияланған жаңа нұсқада аппробация қорытындысы және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп, қайта сарапталғаны байқалады. Ең алғашқы нұсқадағы акут белгісін қою нұсқасы ә,ғ,ң,ө,ү және у әріптерін таңбалауда сәтті берілген. Көпшіліктің дау туғызған ш және ч әріптерін диграф арқылы таңбалағаны өте орынды әрі латын әліпбиіне қатысты туған пікірлер қайшылығына қойылған нүкте болары сөзсіз.
    Жазуда көзге қораш көрінген апострафпен таңбалау нұсқасын өзгертіп, дәйекше және диграфтармен таңбаланған бұл нұсқа халықаралық латын негізді әліпбилерге өте жақын, қолдануға ыңғайлы әрі жазып үйренуде көп қиындық туғызбайды. Әліпби түзу кезінде емлелік қағидаттарымен қатар сараптамалық-техникалық комиссияның да ережелері қатар ескерілді. Алайда бұл нұсқаға да алдағы уақытта өзгерістер енгізілетінін ескерте кеткен жөн. Себебі жұмысшы топ шілде айына дейін емле ережелерін жасау үстінде кей тұстарды өзгертуі әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі нұсқамен де көз үйрену жұмыстарын жүргізгеніміз абзал.
    Нұрсауле МУСАЕВА,
    Қызылорда облысының тілдерді
    оқыту орталығының директоры

21 ақпан 2018 ж. 886 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области