Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде бұрынғы бандиттер коллектор болып несие бойынша қарыз тұрғындарға қоқан-лоққы жасап келген

Елімізде бұрынғы бандиттер коллектор болып несие бойынша қарыз тұрғындарға қоқан-лоққы жасап келген

Kyzylorda-news.kz. Коллекторлық агенттік қызметкерлерінің арасында бұрын бандит болған адамдар да бар, ал коллекционерлердің аудиохабарларын тыңдасаңыз, құлағыңыз «сасып кетеді», - дейді ҚР Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Соңғы үш жылда коллекторларға қатысты 15-ке жуық қылмыстық іс қозғалды. Әдетте, адамдар олардың іс-әрекеттеріне шағымданады. Кейде өздері туралымәліметті үшінші тараптарға берді, тағысын тағы басқа фактілер де бар.Телефондарына қалдырған аудиохабарламаларды тыңдатып көрсетеді, сұмдық, «құлақ сасиды», - деді Раисов коллекторлық қызметті жақсарт мәселесіне арналған кеңесте.
Ол Бас прокуратура құқық қорғау органы ретінде қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғау тұрғысынан бұл бағытта өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін айтты.
«Несие төлеуде жауапты адамдар, сол секілді жауапсыз адамдар болады. Бұл арада да солай. Коллекторлық компанияларды осылай бөлуге болады. Заңды емес әдістерді қолданатындар бар, айыпқа бұйырмаңыздар, шыны сол, олар бұрынғы бандиттер және тағы басқасы», - деді Бас прокурордың өкілі.
Коллекторлық агенттіктердің жұмысын жақсарту үшін ол Ұлттық банкке азаматтар кез келген кезде қолдана алатын колл-орталықтың жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.
«Рас, кейбір адамдар коллекторлардың заңсыз әрекетіне тап болып, қорқытып-үркіту, қоқан-лоққыға түсіп қалып жатады. Ондайда адам кімге шағымдарын білмейді. Мен үнемі өз жұмысымда әлеуметтік желілерді қолданамын, адамдар, расында мұндай жағдайларда қайда бару керектігін білмейді. Қарыздар туралы ол өз алдына бөлек сұрақ. Әрине, банктік құпия дегеннің бар екендігін жақсы білеміз, бірақ белгілі бір коллектордың қолында бар мәлімет Ұлттық банкте де болуы керек қой. Біз телефон нөмірін көреміз, бір адамдар қоңырау шалып, айбат шеккен хабарлар жібереді, бірақ оның кім екені белгісіз. Бірақ олар нақты факті бойынша бір қарызды талап етеді. Ұлттық банк белгілі бір адамның нақты қарызы туралы ақпараты біле отырып, сол бойынша коллекторлық ұйымға шығып, оның қай қызметкер болғанын сұрай алады. Егер ол оның қызметкері болмаса, онда мұндай ақпарат қалай үшінші тұлғаның қолында жүр? Мұны қадағалаушы тарапқа тиесілі дүние», - деп түсіндірді Раисов.
Тағы бір мысал ретінде ол Ұлттық банкке коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қызметін бақылау үшін ұялы нөмірлер туралы ақпаратқа қол жеткізуді ұсынды.
«Бұл - жауапсыз коллекторлармен күресудің бірігей тәсілі. Яғни, олар қоңырау шалғанда, кім хабарласып тұрғанын адам білмейді. Борышкерге телефон соғатын коллекторлардың нөмірі тіркеуге алынуы тиіс. Яғни, бақылау басынан бастап аяғына дейін болуы тиіс. Коллекторларға қойылатын талаптарға келсек. Басшылыққа қойылатын талаптар бар, бірақ қатардағы қызметкерлерге қойылатын талап қандай, оны көріп отырғаным жоқ. Біріншіден, егер адамдармен жұмыс істейді екен, өз жұмысын, қалауын түсінікті тілмен жеткізетін болсын, заңды бұзып, жеке басқа тиіспесін. Ең бастысы, ол адамның сотталмағандығы талап етілуі керек. Мүмкін, бұл сөзім үшін кешірім сұраймын, ол кісі өлтірген немесе зорлық-зомбылық жасаған біреу шығар», - деп сөзін түйіндеді Раисов.
25 қазан 2019 ж. 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области