Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Томиристің» қазақша нұсқасының кешігіп шығуына кінәлі адамдар қандай жауапқа тартылған?

«Томиристің» қазақша нұсқасының кешігіп шығуына кінәлі адамдар қандай жауапқа тартылған?

Kyzylorda-news.kz. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Томирис» фильмінің қазақша нұсқасының кешігіп шығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Фильмнің екі нұсқасы дайындалған. Негізгісі қазақ тілінде болатын. Ол нұсқа фильм премьерасынан кейін бір апта өткен соң шықты. Шынымен ұят болды. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп үміттенемін. Титрлар мен субтитрлерде қателер болған. Бұл көрермендер көрмеуі тиіс қателер еді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен кейін.
Ол осы жағдай үшін жауапты адамдар тәртіптік жауапқа тартылғанын айтты.
«Әрине, қате жіберген адамдарды жауапқа тарту фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасының кешігіп шығу мәселесін шешпейді. Бұл қателік бөлім жұмысшылары тарапынан болған», - дейді Ақтоты Райымқұлова.
Еске салсақ, әлеуметтік желі қолданушылары туындының тек қана орыс тілінде жүріп жатқанын айтып, қазақ киносының қазақ тілінде көрсетілмеуіне наразылық білдірген еді.
Режиссер фильмнің қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар екенін, титрлерді латын әліпбиінде жазғанда грамматикалық қателер кеткенін түсіндірді.
28 қазан 2019 ж. 270 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области