Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Томирис" фильмінің қазақша нұсқасы жарыққа шықты

"Томирис" фильмінің қазақша нұсқасы жарыққа шықты

Kyzylorda-news.kz. Жақында ғана көрерменге ұсынылған "Томирис" тарихи туындысының қазақша нұсқасы кинотеатр экрандарына жол тартты.
Мұндай ақпаратты фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Достар, бүгіннен бастап, "Томирис" фильміміздің толық қазақша нұсқасын біздің "Меломан" дистрибьютор компаниямыз кинотеатрларға тарата бастады. Киномыздың қазақша нұсқасын күтіп қалғандарыңыз үшін, шын жүрегімізден кешірім сұраймыз!", - деді режиссер.
Айта кетсек, бұған дейін кинотеатрлардан тарихи туындының қазақша нұсқасы көрсетілмеуі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.
Кейінірек, Ақан Сатаев фильмнің қазақша нұсқасы барын, титрларды латын әліпбиімен жазғандықтан бірнеше грамматикалық қате кеткенін, оның тез арада түзетілетінін айтқан болатын.
02 қазан 2019 ж. 1 081 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области