Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада браконьерлердің ізіне түскен қорықшы мерт болды

Қызылордада браконьерлердің ізіне түскен қорықшы мерт болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Жалағаш ауданы аумағында браконьерлердің соңына түсіп, қуып жету кезінде «Охотзоопром» инспекторы, қорықшы Әділ Кенжеғұлов қаза тапты.
Оқиға 25 қазан күні түнде болған және қашқан браконьердің соңына түскен инспектордың көлігі аударылған.
«Біздің инспекторлар далада көлік келе жатқанын байқады. Бұл түн уақытында еді. Браконьерлерді қуып келе жатқанда біздің көлігіміз аударылып кетті. Нәтижесінде біздің инспекторлардың бірі жарақаттан көз жұмды. Браконьерлерді оқиға орнында ұстады. Бізде екі экипаж болды. Ұсталғандар жергілікті тұрғындар болып шықты. Олардан мылтық және заңсыз атылған жануарлар табылды», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, браконьерлер инспекторларға оқ атпаған, тек қашпақ болған.
Айтуар Туғанбеков министрлік атынан марқұмның отбасына көңіл айтты. Оның айтуынша, инспектордың отбасына 7,8 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Сонымен қатар, тергеу аяқталғаннан кейін қайтыс болған адамның отбасы 4 млн теңгеден астам сақтандыру төлемдерін алады.
Айта кетейік, Қазақстанда броконьерлер мен инспекторлардың қақтығысы үшінші рет кісі өліміне әкеліп отыр.
28 қазан 2019 ж. 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области