Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 4 адам газдан уланып, ауруханаға түсті

Қызылордада 4 адам газдан уланып, ауруханаға түсті

Kyzylorda-news.kz. Өткен демалыс күндері Қызылорда қаласында 4 адам газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға орнына жеткен газ мамандары мұржаның кірпіш қалдықтарымен бітеліп, түтін тартпай қалғанын анықтады.
Мұндай келеңсіздіктер газ пештері мен мұржаны қадағаламау салдарынан орын алады. Былтыр республика бойынша 48 адам газдан уланып қайтыс болды. Сондықтан «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.
Көбіне мұржаның бітелуі, газ құбыры бойындағы жарық немесе пештің істен шығуының соңы қайғылы жағдайға соқтырып жатады. Сондықтан газ қондырғылары тұрған бөлменің дұрыс желдетілуі аса маңызды. Мұржалар әр үш ай сайын тазалануы керек. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары Қызылорда қаласындағы әр үйді аралап, газ қондырғыларын тексерді, тұрғындарға сақтық шаралары туралы жадынамалар таратты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері ескертпелерін келіп айтқан. Рақмет, қауіпсіздік жағын қамтамасыз етіп жатқан іс-шаралары үшін», - дейді қала тұрғыны Жансұлу Сәрсенбаева.
Қолдан жасалған газ пештерін пайдалануға, су жылытатын қондырғыларды жуынатын бөлмеге орнатуға мүлдем болмайды. Газ жабдықтарын да өз бетінше орнатуға тиым салынады, ол үшін міндетті түрде газ мекемесінің маманын шақырту керек. Осындай бірқатар ережені ескерткен мамандар ауаға тараған газды сезіп, дабыл қағатын автоматты қондырғыларды орнатуға кеңес берді.
«Тұрмыста газды дұрыс пайдалану ережелерін кезекті рет тұтынушыларымызға еске салу болып есептеледі бұл жерде. Жақын арада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында, Жаңақорған кентінде Бегелдинов көшесінде орналасқан тұрғын үйде, газ пешінің түтіндігіне құс ұясын салып, бітелуі салдарынан 4 адамның улану оқиғасы орын алды. Абырой болғанда тұрғындардың барлығының жапа шегу дәрежесі төмен болды», - дейді апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетов.
Бүгінгідей алдын-алу шараларын «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары жыл бойы тоқтаусыз жүргізеді. Бірақ газды пайдалануда сақтық шараларын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті. Өйткені, газ болса - жаз болады. «Алайда оны дұрыс пайдаланбау қауіпті», – дейді мамандар.
29 қазан 2019 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области