Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы балалардың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қызылордадағы балалардың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада өрт салдарынан үш бала көз жұмды, екі ересек ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

9 қаңтарда сағат 19:29-да өртке қарсы қызмет бөліміне «Наурыз» саяжайындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Арнайы бригада оқиға орнына 15 минут шамасында жетіп, қызыл жалынды 10 минутта ауыздықтады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан үйден 2011, 2012 және 2014 жылы туған үш бала шығарылған. Алайда түтінге тұншыққан балалардың екеуі оқиға орнында, ал біреуі жедел жәрдем көлігінде аурухана жетпей көз жұмды. Өрт сөндіруге облыстың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 19 адам және 7 бірлік өрт сөндіру техникасы қатысты. Балаларды өрт ішінен алып шыққан екі туысы да түтінге улану фактісі бойынша облыстық медицина орталығына жатқызылған.
Раушан Бақтыберлина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
- Екі ересек облыстық медицина орталығына жатқызылды, біреуіне ем көрсетіліп, үйге шығарылды. Біреуі қазіргі таңда облыстық медицина орталығының терапия бөлімінде ем қабылдауда, жағдайы орташа.
Асқар Төлешов, облысық ТЖД бастығының орынбасары:
- Полиция қызметкерлері де айтты ғой, қылмыстық іс қозғалды, сол тергеу ретінде бәрі анықталады. Біздің өрт-техникалық зерттеу лабораториясының қызметкерлері басында жұмыс істеді. Қорытындысын шығарады, полиция қызметкерлеріне беріледі. Полиция қызметкерлері әрі қарай тергеу ретінде жұмыстарын істеп кінәлі анықталады.
Сондай-ақ Талдықорған қаласында оқыс оқиға орын алып, улы газдан бір отбасының 3 адамы қайтыс болды. Олардың біреуі отағасы болса, екеуі – балалары. Ал анасы қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы бізге осы өңірдегі тілшіміз Тілеуқабыл Мыңжасар Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сілтеме жасай отырып хабарлады. Қайғылы оқиға кеше кешкі мезгілде болған.


10 қаңтар 2019 ж. 480 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области