Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРТУ ТҮСКЕН

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРТУ ТҮСКЕН


    Жыл ауысар тәулікте қызылордалық жедел жәрдем қызметіне 1 мың 268 шақырту түскен, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
    Оның 360-ы балаларға қатысты. Көбі салқын тигізіп, тұмау жұқтырған. Желтоқсанның 31-інен 1 қаңтарға қараған түні бір адам спирттік ішімдік ішіп, аязды түнде далада үсіп қайтыс болды. Пиротехникалық жарылғыш заттарды пайдалану кезінде бір баланы жеңіл түрдегі күйік шалып, дәрігерлер тиісті ем-дом жасады. Сондай-ақ автокөлік және қора-жай өртену деректері де тіркелді. Оқыс оқиғада жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. Жазатайым жағдайлар да орын алды. 5 азамат пышақталып, жедел жәрдем шақыртқан.
    – Оның 2-сі жедел жәрдем барамын дегенше оқиға орнынан кетіп қалған. 2-еуі ауруханаға түсті, – дейді жедел жәрдем қызметінің аға дәрігері Анар Қожахметова.
    Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманованың айтуынша  1 қаңтар күні сағат 04:48 шамасында Тараз көшесі 11 тұрғын үй алдындағы Mitsubishi Galant автокөлігі өртенген. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның өршуіне жол берген жоқ.

03 қаңтар 2018 ж. 1 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области