Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСІ ҰСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСІ ҰСТАЛДЫ


    Осы жылғы 20 желтоқсанда сағат 15.40 шамасында Қызылорда ҚІІБ  Жедел басқару орталығының «102» арнасына белгісіз бір азамат хабарласып, «Казкоммерцбанк» ғимаратының ішіне бомба қойылғанын және көп ұзамай жарылатынын хабарлаған.  
    Оқиға орнына жедел түрде облыстық Ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің  күш-құралдары жұмылдырылып, ғимараттан 100-ден аса адам және жақын орналасқан кешендерден 50 адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, ғимарат аумағы қоршауға алынды. ОІІД-нің арнайы мақсаттағы құрылым қызметкерлерімен және қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен ғимарат іші және аумағы толық тексеріліп, жарылғыш зат немесе күдік тудырарлық құралдар анықталған жоқ.
    Жедел іздестіру шаралары барысында «жарылғыш зат» қойылғаны туралы жалған хабар берген 1989 жылы туылған азамат анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
    Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

22 желтоқсан 2017 ж. 936 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области