ЖАТАҚХАНАДА ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қызылордадағы Жалаңтөс Бахадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты аумағында түнгі мезгілдегі өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Мектеп-интернат облыстағы ең үлкен білім беру нысандарының бірі, ондағы жатақханада 100-ден бала тұрады.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өрт 21.00-де жатақхананың екінші қабатында пайда болды. Интернат қызметкерлері ғимараттан 115 баланы екі минутқа жетер-жетпес уақытта алып шығып, жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшесі мамандары адамдарды құтқарып, жалынды сөндіру әрекетіне кірісті.
Оқу-жаттығуға 74 адам мен 14 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығуларға жергілікті полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем, газ және электр желілерінің жедел бригадалары қатысты.