ЖАЛҒАН ШАҚЫРУДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда облысы ТЖД мен білім басқармасы бірлесіп аймақтағыбарлық білім беру ұйымдарына «Жедел қызметтерге бейінді емес бағытта түсетін қоңыраулар санын азайту» және «Террористік актілерді болдырмау» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді. Интерактивті сабақта мектеп жасындағы оқушылардың, жасөспірімдердің 112, 101 жедел нөмірлері арқылы арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыруды болдырмауы баса айтылды.
Сабақ барысында Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері А.Ахметова, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, азаматтық қорғау капитаны А.Ермағамбет, азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Ким төтенше жағдайларды және шұғыл көмек хабарламаларын қабылдайтын «112», «101» нөмірлері халыққа қандай мақсатта қызмет жасайтындығы жайлы кеңінен түсіндірме жасады.
Сондай-ақ, жалған шақыруды болдырмау, оның жауапкершілігі турасында айтылып, күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындар жасауы тиіс іс-әрекетер бейне таспа, слайдтар арқылы көрсетілді.