Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қаза тапқан қызылордалық қорықшы «Айбын» орденімен марапатталды

Қаза тапқан қызылордалық қорықшы «Айбын» орденімен марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әділ Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», делінген Жарлық мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Әділ Кенжеғұлов ағымдағы жылдың 25 қазан күні түнде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қаза болды. Браконьердің ізіне түскен инспектордың көлігі аударылып кеткен болатын.
29 қазан 2019 ж. 411 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области