Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін әріптестеріңіз сіздің іскерлігіңізге тәнті болып, олардың мақтанышына айналасыз. Отбасында да мерейіңіз артып, олар сізге оң қабақ танытады.
Торпақ
Өз ісіңізге мығым, мұқият болыңыз. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, өз бизнесіңізді сақтап қалуға тырысыңыз. Сабырлылық пен табандылық таныта біліңіз.
Егіздер
Бүгін сізге таңырқай қарайтындар көп. Әсіресе жолдасыңыз немесе ғашығыңыз сізден көз айыра алмайтын болады. Әрдайым осы қалпыңызды сақтай біліңіз.
Шаян
Айналаңыздағылар сізге қызыға да, қызғана да қарайтын болады. Өзіңізге тым сенімді болып, қателіктерге бой алдырып алмаңыз. Кішіпейілділік қасиетін сақтай біліңіз.
Арыстан
Түнімен ұйқыңыз дұрыс болмағандықтан, таңертеңгілік шаршаңқы күйде жүресіз. Бір мезгіл демалғаныңыз жөн. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беріп, мазаңыз қашуы мүмкін.
Бикеш
Бүгін денсаулығыңызға сақ болыңыз. Жүйкеңізге салмақ салатын ойлардан арылыңыз. Жақындарыңыз көмек қолын созса, олардан бас тартпаңыз. Сонымен қатар бүгін ақшаға сақ болыңыз.
Таразы
Бүгінгі күнді отбасыңыздың жанында өткізіңіз. Дастархан басына жиналып, жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. Тіпті ескі фото альбомдарды қарап, жақсы естеліктерді еске алыңыз.
Сарышаян
Күніңіз сәтті өтеді. Бүгін сіз өте қуаныштысыз. Осы көңіл-күймен мерекелік дастархан жайып, отбасыңызды бір қуантасыз. Үлкеннің де, кішінің де сізге айтар алғысы көп.
Мерген
Бүгін күш-қуатыңыз тасып, барлық шаруаны бір мезетте атқарып тастайсыз. Сізге ешкімнің көмегі қажет емес. Бірақ барлық жауапкершілікті өз мойныңызға ала бермеңіз.
Тауешкі
Бүгін күтпеген жағдайларға тап боласыз. Сондай-ақ сізді тосынсыйлар күтіп тұр. Маңызды мәселелерде соңғы шешімді өзіңіз қабылдаңыз. Ешкімге сенім артудың қажеті жоқ.
Суқұйғыш
Сырт келбетіңізді өзгертуге асықпаңыз. Асығыстық жасап, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Түстен кейінгі уақытта отбасыңызбен бірге болыңыз.
Балықтар
Бүгін біраз ішіңіз пысады. Айналаңызда әңгімелесетін ешкім жоқ. Осы сәтті пайдаланып, аяқталмай қалған шаруаларыңызды бітіріп алыңыз.