Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыдағы құрылысшылар қазасы: полицейлер не дейді?

Қазалыдағы құрылысшылар қазасы: полицейлер не дейді?

Kyzylorda-news.kz. Кеше сағат 16:30 шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында салынып жатқан құрылыс нысанынан екі жұмысшы абайсызда құлаған.
Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екінші жұмысшы ауруханада қайтыс болған.
«Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 4-бөлігіне сәйкес (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сарапталамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданына қарасты Әйтеке би кентінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысанында 2 ер адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.
30 қазан 2019 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области