Ерте қартайып кетпес үшін не істеу керек?
Kyzylorda-news.kz. 45 жастан кейін әйел ағзасының жұмыс істеуі өзгеріске түседі және бұл жағдай өздігінен әйелдің бет терісі, тырнағы мен шашына әсерін тигізгендіктен, жас ұлғайғандықтың көрінісі айқын білінеді. Жасқа байланысты денсаулықтың да әлсіреуіне жол бермес үшін не істеу керек? Бұл туралы ERNUR.KZ жазады.
1.Әдеттегідей таңертең және ұйқыға жатар алдында бетіңізді тазартып, жуып алғаннан соң, міндетті түрде нәрлендіруші кремді пайдалануды әдетке айналдырыңыз.
2. Міндетті түрде белгілі бір уақытта ұйқыға жатып, белгіленген уақытта тамақтануды естен шығармаңыз.
3. Таңертеңгі жаттығуларды үзбей жасап, әдетіңізге айналдырыңыз. Алғашқы күні аз-аздан бастап, кейінгісін 15 минутқа дейін созыңыз. Сондықтан, ертерек тұруға дағдылануыңыз керек. «Уақытым жоқ» деген сылтау айтпаңыз!
4. Нәрлендіруші кремнен бөлек, күн сайын бір рет бет пен мойын терісіне және қолыңызға әжімнен қорғайтын, серпімділік пен сергектік сыйлайтын дәрумендерге бай крем немесе майларды жағып тұруға дағдыланыңыз.
5. Бос уақытыңыз бола қалса, басыңызды және бет теріңізді уқалап, массаж жасаңыз. Бұл тәсіл қан айналымын жақсартып, шашыңыздың өсуіне ықпал етеді, шаштың ағаруының алдын алады. Бетіңіз қызыл шырайлы болып, өңіңізді жақсартады.