Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті ме: Министр жауап берді

Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті ме: Министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үкіметтің баспасөз-конференциясында балалар алты жастан бастап мектепке баруға міндетті ме деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.Өз жауабында Білім және ғылым министрі "Білім туралы" заңға сілтеме жасады. Құжатта бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар баратыны айтылған.
"Білім туралы заң бойынша бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап барады. Сондықтан баланы алты жастан бастап мектепке жіберу керек. Бірақ, 1 қыркүйекте, қазан, қараша және желтоқсан айларында (алты жасқа толмаған-ред) балалар мектепке дейінгі дайындықты бастағандықтан бұл курсты аяқтап, келесі жылы бірінші сыныпқа барады", - деді министр.
Шәмшидинова мектеп бағдарламасы осы жасқа бағытталғанын және балалардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалғанын жеткізді.
"Бірінші сынып бағдарламасы жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Тіпті, әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі кезең де бар, әліппе кезеңі ұлғайтылды",- деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.
16 сәуір 2019 ж. 815 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области