Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНДІ

МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНДІ

ҚР Білім және ғылым министрі балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек-желтоқсан айы аралығында туған балалар осы жылы 1-сыныпқа бара алады.
Өйткені, олар жыл соңына дейін 6 жасқа толып үлгереді.
   «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді», – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
   Бұрындары 1-сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасын өткізу керек болатын. Қазір ол талап алынып тасталды. Осы ережеге сай баланы 1-сыныпқа қабылдамай жатса, жергілікті білім басқармаларына шағым айтуға болады.
Құжаттарды 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қабылдайды.

30 мамыр 2018 ж. 1 037 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области