Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА 2020 ЖЫЛЫ «НӨЛІНШІ» СЫНЫП ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2020 ЖЫЛЫ «НӨЛІНШІ» СЫНЫП ЕНГІЗІЛЕДІ


    ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қарағанды облысының ғылыми және педагогикалық сала өкілдерімен кездесуі кезінде «нөлінші» сынып қай жылы енгізілетінін нақтылап айтты. Бұл туралы аталған ведомствоның таратқан мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Нөлінші» сыныпты алдағы жылы емес, 2020 жылы енгізуді жоспарлап отырмыз. «Нөлінші» сынып – бұл негізінен мектепалды дайындықтың қазіргі жүйесі. Оның мәні – мектепалды дайындық сыныбының балаларына арналған бірыңғай бағдарлама құру. Аталған дайындықтан балабақшада және мектепте де өтуге болады», - деді Ерлан Сағадиев.
    Оның айтуынша, мектепалды дайындықпен қазақстандық балалардың 80 пайызы қамтылған. Министрлік бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Барлық мектеп жасына дейінгі балалар 1 сыныпқа барар алдында бір деңгейдегі дайындықта болуы маңызды.

27 ақпан 2018 ж. 565 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области