Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУДЕ

МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУДЕ


    Бүгінгі таңда Байқоңырда тұратын 2500 орыс тілді қазақстандық бала мектептерде ресейдің білім стандартымен оқуда. Қызылорда облысының әкімдігі жұлдызды қалашықта орыс кластары бар қазақстандық мектептерді ашу мәселесі 2020 жылға қарай шешілетінін жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
    Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов атап өткендей, нақты кезеңде Байқоңырда қазақстандық білім стандартына негізделген 6 мектеп пен 1 балабақша бар. Аталған мектептерде орыс кластары да жұмыс жасайды. Алайда, ол аздық етуде. «Әрине, біз мұндағы орыс тілді балалардың қазақстандық кітаптардан білім алып, болашақта бітіруші түлектермен бірге ҰБТ тапсыруына мүмкіндік жасауға тиіспіз. Бұл мәселені 2020 жылға қарай толықтай шешуге болады», - деп атап өтті С.Қожаниязов.
    Оның айтуынша, орыс тілді кластарға мамандар жетіспейді. Мәселен, бастауыш сыныптарға маман табылғанымен, жоғары сынып оқушыларына қазақ тілі, тарих және география пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.

01 ақпан 2018 ж. 816 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области