Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҮЛДІРШІНДЕР ҮШ ТІЛ БІЛЕДІ

БҮЛДІРШІНДЕР ҮШ ТІЛ БІЛЕДІ


    Қазақстандағы жалпы білім беретін мекемені жаңартудың ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі – баланың үш тілді еркін меңгеруіне жағдай жасау болып отыр.
    Осы бағыттағы шаралар аясында «Алтын ұя» балабақшасында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде ересек топ бүлдіршіндері «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде сахналады.
    «Тілім менің – тірлігімнің жалғасы» атты кеште қажетті билингвальды компоненттер қолданылды. Қатысушыларға қызықты тапсырмалар орындату арқылы 5-6 жастағы балалардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын тудырып, олардың оқу қызметіне белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
    Мектеп жасына дейінгі кезең – тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең. Өйткені бала зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті. Міне, осының барлығы есепке алына отырып, үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды. Бұл тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.

09 қаңтар 2018 ж. 639 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области