Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Сыр имамдарының алқалы жиыны өтіп жатыр (ФОТО)

Қызылордада Сыр имамдарының алқалы жиыны өтіп жатыр (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада ІІІ республикалық Имамдар форумында қабылданған құжаттарға байланысты Сыр имамдарының алқалы жиыны өтіп жатыр. Оған облыстағы барлық мешіттердің имамдары қатысуда.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтіп жатқан алқалы жиын барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымыдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» секілді 3 құжат талқылануда.
«Жуырда елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық Имамдар форумы өткен болатын. 500 имам қатысқан бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты үш негізгі құжат қабылданды. Оның бірі «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы. Мұнда әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиеті туралы айтылады. Атап айтар болсақ, имандылық, отансүйгіштік, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдік. Бұл қасиеттер әр адамның алдындағы бағдаршам іспетті. Адамның бойында бұл қасиеттерді бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние», - деді жиында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы.
Имамның сөзінше, діни рәсімдерді екінің бірі атқаруға құқы жоқ.
«Қазіргі таңда жеке адамдардың да имамның атқаруы тиіс міндеттерді атқарып жүргені белгілі. Олар мешітте де, мүфтият та да тізілімде жоқ адамдар. Ол атқарған дәни рәсімдері үшін кімнің алдында жауап береді. Бұл құжаттар мұндай мәселелердің де алдын алады деп ойлаймын», - дейді Болатбек Ұласқанұлы.
Өкіл имамның айтуынша, Сыр елінің имамдары форумда қабылданған құжаттарды алқалы жиын барысында талқылап, оны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жайында сөз қозғайтын болады. Сонымен қатар биыл 21 қараша күні Қызылордада ІІІ облыстық Имамдар форумын өткізу жоспарланған.
«Барлығына мәлім, мешіттерді күтіп ұстауға мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан шалғай ауылдардағы мешіттерді күтіп ұстау, онда арнайы имам отырғызу мәселесі қиындық туғызады. Дегенмен облыс әкімдігі тарапынан имамдарға 7-8 айға жалақы берілуде. Алайда бұл көмек барлық имамға бірдей көрсетілмейді», - дейді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта 178 мешіт бар. Осы мешіттердің бесеуінде имамдар нақтыланбаған. Ал, қалған мешіттерде өз имамдары бар. Сонымен қатар бас имамдар мен наиб-имамдар және азаншыларды қосқанда аймақта 250-ден астам діни қызметкер жұмыс істейді.


31 қазан 2019 ж. 371 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области