Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зейнетақы жинағын ерте шешіп алуға қандай жағдайда рұқсат етіледі?

Зейнетақы жинағын ерте шешіп алуға қандай жағдайда рұқсат етіледі?

Kyzylorda-news.kz. Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты бірнеше ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Бірақ жұмыс тобы әлі біреуін де қабылдамаған.
Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген вице-министр Ақмәди Сарбасов осы мәселені талқылау барысында бірнеше ұсыныстың айтылғанын жеткізді. Бірақ нақты қандай ұсыныстар екенін айтпады. Себебі жұмыс тобы әлі бір шешімге келмеген.
"Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Тапсырма солай болды. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты нұсқалар жоқ. Барлық ұсынысты жан-жақты зерделеу керек. Себебі әрбір адамның жинаған зейнетақы жарнасы әртүрлі", - дейді Сарбасов.
Оның айтуынша, нақты ұсыныстар жылдың аяғына дейін әзірленеді.
"Бізде тапсырма бар. Жылдың соңына дейін нақты ұсыныстар дайын болады. Жұмыс тобының жұмысы жалғасып жатыр. Бір айдың ішінде кейбір мәселелер пысықталады деп ойлаймын. Енді, дәл қазір өзара келісілген ұсыныстар жоқ. Сол себепті әзірше ештеңе айта алмаймын", - деп түйіндеді Сарбасов.
Айта кетейік, қыркүйектің басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын.
"Үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мәселен, ол ақшаны баспананы сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады", - деді Тоқаев.
01 қараша 2019 ж. 286 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области