МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРГЕНІНЕ РИЗА БОЛЫП ЗЕЙНЕТАҚЫДАН БАС ТАРТҚАН ЕЛШІ КІМ?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова 20 жыл бойы өз зейнетақысын алмаған Қазақстан елшісі туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Вице-министрдің сөзінше, ол адам мемлекеттің бергеніне риза болып, зейнетақы алудан бас тартқан.
"Мен қазір 20 жыл бойы бірде-бір рет зейнетақы тағайындауға жүгінбеген Қазақстанның төтенше елшісін мысалға келтіргім келіп отыр. Ол кісі қазір зейнетте. Ол "мемлекеттің маған бергені соншалық көп, мен зейнетақыға үміткер болғым келмейді, өз-өзімді қамтамасыз етемін" дейді. Бірақ біз оны өтініш жазуға көндіріп, зейнетақы тағайындадық", - дейді Жақыпова.
Еске сала кетейік, үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министр "мемлекет халықты тонап жатыр деген" айыптауларға да жауап берген еді.