Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚЫС ОҚИҒАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУДА СЫНАЛАДЫ

ОҚЫС ОҚИҒАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУДА СЫНАЛАДЫ


    ҚР ІІМ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында кезекті оқу-жаттығу өтті.
    Жаттығу шарты бойынша осындағы «ЕРЖАС» ЖШС ғимаратынан кенеттен өрт шығады. Өрттің шыққанын кезекші байқап, дер кезінде мекеме бастығының  көмекшісіне байланыс құралдары арқылы хабарлайды.
    Дабыл бойынша өрт шыққан жерге келген мекеме бастығының кезекші көмекшісі сол бекеттің бақылаушысына ОПУ-5 өрт сөндіру құралын беріп, мекеме бастығына баяндап, қолда бар күшпен өрт сөндіру іс-шараларын ұйымдастырып, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекші бөліміне баяндады. Осыдан кейін жеке құрам қызметкерлері арасынан сыртқы және ішкі күзетті күшейту және мекеменің негізгі қоршау сыртына қосымша қызметкерлер тағайындалып, ішкі және сыртқы күзетті күшейтіп тұрған бақылаушылар күзет орындарының  жұмысын қатаң бақылауға алды. Ерікті өрт жасағы топтарының іс-әрекеті мекеме бойынша өрт қауіпсіздігіне  жауапты режим бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Р.Елкеевтің ұйымдастырылуымен жүргізілді.        
    Өртті сөндірген соң, ЗК-169/5 мекемесінің бастығы. әділет подполковнигі Т.Қалымбетов оперативтік және шаруашылық қаматамасыз ету тобына өрттің шығу себебін анықтауға, шығын көлемін есептеуге және қалпына келтіруге тапсырма берді.
    Орын алған өрт Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті  ЗК-169/5 мекемесінің оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Осындай оқу –жаттығуларды өткізіп тұру – тиісті сала қызметкерлерінің өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, іс-әрекет жасауға психологиялық тұрғыда дайындайды.
    Н. БАЙМЫРЗАЕВ,
    ЗК-169/5 мекемесі бастығының
    кезекші көмекшісі,
    әділет капитаны.

03 қаңтар 2018 ж. 644 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области