«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ «СЫР МЕДИА» ЖШС БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛАДЫ
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы алғашқы нөмірі «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспаханасында басылып шықты. Бұл газеттің сапалы шығып, оқырманға уақтылы жетуі үшін жасалып отыр.
Биыл басылымға облыстан жазылушылар қатары 21 мыңға жеткен. 1 қаңтар күні осынша газет басылып, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалына жеткізілді, – дейді баспахана директоры Бақыт Қаюмов.
Еске сала кетейік, еліміздің бас басылымы осыған дейін Шымкент қаласындағы «Ернұр Пресс» баспаханасында басылып келген еді.