Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Жыл тоғысында «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты басылымдарда бірқатар кадрлық өзгерістер болды.
    Серіктестік басшылығының шешімімен осыған дейін мекеме бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген Қуат Шарабидинов облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
    Қуат Әбішұлы Шарабидинов журналистикадағы еңбек жолын осы газеттен бастаған. Әр жылдары жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы қызметтерін атқарды.  
    Аймақ басылымдары «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне біріккен тұстан бастап мекеме басшысының орынбасары болды.
    Сонымен қатар, серіктестікке қарасты Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторлығына Дастан Садық, ал Арал аудандық «Толқын» газетінің басшысы болып Абай Елеш тағайындалды.    

29 желтоқсан 2017 ж. 1 301 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области