ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Н.Шамұратов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер», «Қайнар» университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы ауданындағы №64 жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмысшы ретінде бастаған.
2002-2005 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі.
2005-2011 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын, облыстық құрылыс басқармасын және облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған.
2011-2015 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы, облыстық құрылыс басқармасының басшысы, Қармақшы ауданының әкімі.
2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.